ҚИМАЙ ҚОШТАСУ
Арманым сірә мені адастырды,
Тағдырым сені өзгемен таластырды.
Махаббаттан жолым болмай жеңілгенде,
Көзімнің ақ жауыны жауып тұрды.
Сен дегенде көңілім алып ұшты,
Жүрегім әлі күнге бағынышты.
Енді ешқашан көзіме көрінбейсің,
Қалай басам мендегі сағынышты.
Біліп жүр сені мәңгі ұмытпаймын!
Көңілімді бәрібір суытпаймын!
Қалталы жігіт тауып алыпсың ғой,
Мен сені шын жүректен құттықтаймын!
Өзіңсіз білесіңбе мына әлем тар?!
Көлігім жоқ көріктім жүрегім бар!
Жүрексіз өмір сүріп көрейінші,
Берейін керек болса суырып ал!
Жаралы жанымның жан айқайын,
Қайғылы өлеңімнен бір байқайын.
Өлеңіме қарасам еске түсті,
Қыстағы жаурап тұрған жалғыз қайын.
Жалықтырған саған деген сезімдерім,
Сезіміңді кешір бірақ сезінбедім.
Жүрген кезде сүйдің бе сүймедің бе?!
Соны ойлап таңға дейін көз ілмедім.
Сыныққа сылтау жаным көп іздедің,
Сынадың бір-екі рет берілмедім.
Тауыпсың коштасуды қатты калап,
Алайда ол себепті жөн көрмедім.
Жан екем мен өзіңе ұнамаған،
Сондада өлең жаздым арнап саған.
Жыламаған қыздардың бірі болшы,
Ешкімнен еш нәрсесін сұрамаған.
Сен дегенде жүректе дүрсіл бөлек,
Бірақ жалған сезім айтшы кімге керек?
Қанша мені бағаламай қор қылсаңда,
Басқалардан әлі күнге орның ерек.
Қайтейін жүрегімді саған ынтық,
Сезімім қазірде тұр шоқтай ыстық.
Әзілдеп отыр ғой деп ойлап қалма,
Мен үшін ол дегенің ащы шындық.
Қарамайын жігітіңнің барынада,
Кездесейік соңғы рет оңашада.
Әлі есімде сүйіктім мен озіңнен,
Айырылып қалған едім қарашада.
Соңғы рет соңғы айда бір көрейін!
Жүрегіме бейнеңді түсірейін.
Мен ұмытсам жүрегім ұмытпайды,
Бақытты бол! бақытыңа жіберейін!
Келші жаным соңғы рет бір көрейін!
Жазылған уақыты 07.12.2015
а-а-б-а ұйқас, 11-буын 12-шумақ 49-тармақ
автор: Кайрат Кудайберген Советбекұлы
Kayrat_KS